Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек кездесу барысында "Әзербайжан, Иордания және Монғолия президенттерінің Қазақстанға жоспарланған сапарлары" жайлы талқыланған. Сонымен қатар, Елбасы Қырғызстанда өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысады. "Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары жайлы талқыланды".
"Президент сыртқы саясат мекемесінің басшысына алдағы халықаралық іс-шараларға байланысты нақты тапсырмалар берді",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті