Елбасы Татарстан президентіне мемлекеттік бейбітшілік және ілгерілеушілік сыйлығын табыс етті

"Мен үшін көп ұлтты мемлекетте бейбітшілік, келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ете алған адамның өз қолынан тікелей сыйлық алу үлкен мәртебе",- деді М.Шаймиев рәсімде. "Қазақстан бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі көптеген мемлекеттер үшін үлгі бола алады",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның тұңғыш президентінің бейбітшілік және ілгерілеушілік үшінгі мемлекеттік сыйлығы Татарстан мемлекет басшысы Ментимир Шаймиевке беру жөніндегі жарлыққа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 22-қазанда қол қойды.