Елбасы темір жол көлігі саласының ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдады

Кездесу Қазақстан темір жолының 100 жылдық мерейтойына арналған. "Қазақстанның техника саласындағы зиялы қауымы түгелдей дерлік темір жол саласынан шыққан, тұңғыш техникалық мамандар да солар болды",- деді Н.Назарбаев. "Бүгінде темір жолшылар еліміз бойынша жүк ағынының 70 процентін қамтамасыз етуде, темір жолсыз еліміз қазіргі даму деңгейіне, қазіргі экономикалық ахуалға қол жеткізе алмаған болар еді",- деді мемлекет басшысы.

Қазір біз Кеңес Одағы кезінде де болмаған темір жолдар салып жатырмыз. Соңғы үш жылда 500 шақырым жол тарттық, әрі мұнымен шектеліп қалмаймыз, деді мемлекет басшысы. Осы орайда Елбасы "Қытайдан Каспийге дейін тар соқпақты жол тартуды айрықша маңызды жоба" деп атады. Сондай-ақ, Н.Назарбаевтың пайымдауынша, "Жезқазғанды Қызылордамен жалғастыратын темір жол салу қажет". Осындай басымдық берілген бағыттар қатарында президент Алматы мен Қорғас арасындағы жол тармағын тартуды атады. Біз республика аумағы арқылы әлемнің барлық елдері үшін транзитті жүк тасымалдауға мүмкіндік беретін боламыз, деді Н.Назарбаев.