Елбасы Того Республикасының Президентімен кездесті

Кездесу Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық қарым-қатынасты, сондай-ақ қазіргі әлеуетті ескере отырып, бірқатар сала бойынша өзара ықпалдастықты да жандандыру қажеттігін атап өтті.