Елбасы туралы «Қырағы көз» атты жаңа кітап жарық көрді

Әзірге мың данамен шығарылған кітап өскелең ұрпақ үшін тәлім-тәрбиелік мәні зор болады деп күтеді автор. Себебі, «Қырағы көз» о бастан кез келген адамның отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жазылыпты.  Бүгін патриоттық бағыттағы шығарманы тарихшылар, жазушылар мен ардагерлер талқыға салды. Мақсаттары - кітап идеологиясын үлкен аудиторияға ұғынықты қылып жеткізу. 


Болат Қыстаубаев, кітап авторы:

- Нұрсұлтан Әбішұлының өзі осы 20 жылдың ішінде талмай шаршамай елімізге, жұртымызға еңбек етіп, Қазақстанды бүгін сондай жоғарғы сатыда халықаралық жағынан абыройлы жолға әкеліп берген.