Бүгін елордадағы Тәуелсіздік және келісім сарайының есігі айқара ашық. Келушілердің көп болғандығы сонша, тіпті жастар алдыңғы орынға асықты. Осыған қарағанда Елбасы туралы фильм кинотеатрларда көрсетіліп жатқан шетелдік прокаттарды басып озатын түрі бар.
Көркем шығармада Елбасының студенттік шағы, сенімді достары, тіпті алғашқы махаббаты да көрініс тапқан. Өкініш, қоштасу, тіпті достар арасындағы сыйластық фильмде шынайы суреттелген. Туынды бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы басталған Теміртауда көрсетілді.Мұны сол шақтарды көзі көрген металлургтер тамсана айтып берді.
Жанас Арысов, Теміртау қаласының тұрғыны:
-Мен ұқсас адамдарды көрдім, ананың ішіндегі түскендерінің бәрі жолдастар, таныс. Анау училищеге барып оқыған жігіт бар ғой Рыстанбек деген жігіт бар ғой, ұрлық жасайтын... Соны қайтадан көрсету керек еді. Ол институт бітіріп, мында келіп, комбинатта жұмыс істеп, пенсияға шықты.
«Елбасы жолы» Ақтау жұртын да тамсандырды. Президентке қызыға қарағандар әсіресе жастар. Фильмнің тәрбиелік мәні бар екенін ұққандай. «Елбасы жолы» киноэпопеясы тура 1 жарым жыл бойы түсірілген. Режиссері Рүстем Әбдірашев жалпы саны 200 сағаттық түсірілімді 3 сағатқа жинақтап, сыйдыру қиынға соққандығын айтты. Есімі елге танымал ердің әлі болашақ ұрпаққа айтары да, олар үшін жасайтын жұмысы да көп дейді режиссер. Сондықтан, болашақта фильмнің жалғасы болуы да мүмкін.