Елбасы Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен кездесті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Elbasy.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

– Сіз отырыста жақсы сөйледіңіз. Мен сіздің идеяларыңызды қолдаймын. Кезінде біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, экономикалық интеграцияны дамыту жолында көп жұмыс атқардық. Бұл іс қазір де жалғасып жатыр, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

А.Гүл «Астана клубы» отырысының аясында жаһандық күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігіне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үлкен Еуразия» құрлығында ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.