Елбасы үкіметке мүгедектерді жұмыспен қамту проблемасын шешу туралы тапсырма берді

«Мемлекет қызметтің перспективті саласын таңдауда ісін жаңа бастаған бизнесмендерге қолдау көрсетуі тиіс. Менің тапсырмам бойынша жаңа бастаған бизнесмендерге арналған нұсқаулық әзірленді. Әрбір қазақстандық үшін шағын бизнестің қарапайым 100 түрі», - деп мемлекет басшысы бүгін Астанада Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларды таныстыруға арналған жалпыұлттық телекөпір барысында атап көрсетті.

«Бүгін Қазақстанда 500 мыңдай көп балалы ана бар. Олар үйде отырып ақша тауып немесе қысқартылған жұмыс күнде екі-үш сағаттай жұмыс істей алған болар еді. Тек жәрдемақыға ғана өмір сүруды қаламайтын 600 мың мүгедек жұмыс істегісі келеді, егер қолұшын берсек, 570 мың студент, шамамен 1 млн 700 мың зейнеткер. Міне осы 100 ұсақ іс оларға жәрдемақы болар еді», - дейді президент.

Әлемнің барлық елдерінде ірі компаниялар, қонақүйлер, ресторандар, сауда орындары бірнеше мүгедекті жұмысқа алу тәртіпке енген.


«Кейбірінің аяқ-қолы сау, жүре алады, бірақ естімейді, ол қандай да бір жұмысты жасай алады емес пе. Бұл қайырымды іс!», - дейді Н.Назарбаев.

«Неге осылай етпейміз, неге ұымдастырмаймыз? Мақтаған үкіметтік емес ұйымдарымыз қайда? Бұл барлық саяси партиялардың, әсіресе «Нұр Отанның» ісі, неге мұны қолға алмаймыз? Кім маған көрсетеді, келесі жылы осыншама мүгедекті жұмысқа аламыз, келесі жылы олар жұмыс істеп жатқанын баяндаймыз, аздап болса да олар ақша табады деп», - деп президент сауал тастады.

«Бұл әрбір министрліктің тапсырмасы және барлық ірі және ұсақ компанияларға менің өтінішім», - дейді мемлекет басшысы.