Елбасы үкіметке жоғары оқу орындары мен мектептерінде ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға бағытталған арнаулы бағдарлама жасауды тапсырды

"Қазақстанның жоғары оқу орындары мен барлық жалпы білім беретін орта мектептерінде ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға бағытталған арнаулы бағдарлама жасайтын мерзім жетті деп ойлаймын",- деді президент Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті 12- сессиясында.

"Бұл бағдарламаға Ұлыбритания мен АҚШ-тың ірі білім беретін құрылымдарын тарту қажет деп ойлаймын. Үкімет тиісті ұсыныстарды екі айдың ішінде дайындауға тиіс",- деді ол.

"Мен бұған дейін де айтқам, қазақстандықтардың жаңа буыны кем дегенде үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруге тиіс". "Ағылшын тілін жетік меңгермейінше, ұлттың шынайы бәсекелестік қабілеттілігі туралы сөз қозғау мүмкін емес",- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті