Елбасы үкіметтегі бірқатар лауазым иелерін тағайындады- кеңейтілген нұсқа

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлауынша, ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметіне Александр Павлов және вице-премьерлікке Сауат Мыңбаев тағайындалды.

Ал Қасымжомарт Тоқаев ҚР сыртқы істер министрлігін басқаратын болды.
Естеріңізге сала кетсек, премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовтың үкіметінде Александр Павлов бірінші вице-премьер, Қасымжомарт Тоқаев -
ҚР сыртқы істер министрі әрі мемлекеттік хатшы болғаны белгілі.
Сауат Мыңбаев 1999-жылы ҚР президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары, 2001-жылдың мамыр айына дейін ауылшаруашылық министрі, 2001-жылдан бері "Қазақстан даму банкі" ЖАҚ-ның президенті болған. Ал соңғы уақытта С.Мыңбаев мемлекеттік қызметте болған жоқ.