Бүгін Елбасы Ақордада Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады. Кездесу барысында Данияр Ақышев Мемлекет басшысына қаржы-несиелік саясаттың басты бағыттары мен қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жайын баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы еселеп, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді жалғастыруға мән беруді атап өтті. Елбасы сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдай отырып, тұрғын үй құрылысына тиісті көңіл бөлуді жүктеді. Ұлттық банк төрағасы «нақты экономикалық секторды қаржыландыру шаралары еліміздің дамуына серпін береді», - деді.