Елбасы Жамбыл облысында кірпіш зауытын іске қосты

Зауыт облыстың Байзақ ауылында салынып жатыр. Бүгінге дейін мұнда жоспарланған 410 млн. теңгелік инвестицияның 397 млн. теңгесі игерілді. Зауыттан М-125 маркалы күйдірілген кірпіштің жылына 30 млн. данасы мен темірбетон бұйымдар шығарылатын болады.

"Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы көптеген саланы мультипликативті дамытуға мүмкіндік береді. Елімізде құрылыс материалдарымен бірге жиҺаз бен әйнек қажет, цемент, асфальт, қиыршық тас пен қабырғаның материалдары тапшы. Отандық кәсіпкерлер бұл өнімдердің барлығын да игере алады",- деді президент. Осыған байланысты мемлекет басшысы "кірпіш заытын іске қосу - уақытын тапқан іс" ,- деп атап өтті.
Мемлекет басшысы бұл жерде облыстық кәсіпкерлермен жүздесіп, олар шығаратын өнімдермен танысты. "Қазіргі өнімнің сапасы халықаралық рынокты игеретіндей деңгейде болуға тиіс. Ал мына мен көрген өнімнің сапасына өздеріңіздің де көңілдеріңіз толмайтын болар деп санаймын",- деді президент.
"Біз Бүкіләлемдік сауда ұйымына ену, рынокты дамыту және өнімдеріміздің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету үшін жаңаша экономикалвқ саясат жүргізуге тиіспіз. Бизнесті дамыту - сіздердің міндеттеріңіз, ал сенің міндетім - жеке меншікке қол сұғылмауына жағдай жасау",- деді Елбасы кәсіпкерлермен кездесуінің соңында.