"Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық байланыс 1992-жылы орнап, содан бері екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Достық байланыстар бұдан былай да беки түсетініне үмітім зор",- деді Т.Ито.
Өз кезегінде Ч.Сиюнь "Қазақстан президенті Н.Назарбаев пен ҚХР басшысы Ху Цзиньтао өзара экономикалық ынтымақтастықтың бұдан былайғы нақты жоспарын белгілеп бергенін" атап өтті.
ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, 2005-жылдың 8 айында Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 470 млн. доллардан асса, 2004-жылы Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 4,5 млрд. долларға жетті.