Елбасы Жарлығымен Б. Сағынтаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

 Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

 «Б.Ә.Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы»

Жарлықтар

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметінен босатылсын.

 Қазақстан Республикасының  Президенті               Н.Назарбаев


Астана, Акорда,  Астана, Ақорда, 6 қараша  2013 жыл