Елбасы Жарлығымен марапатталғандар арасында батысқазақстандықтар да бар

Атап айтқанда, «Құрмет» орденіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов, «ҚазАрмаПром» АҚ-ның бас директоры Станислав Качало, «Болашақ» ЖШС-ның директоры Қайдар Қощанов, Бөрлі ауданының әкімі Болат Шәкімовтер ие болса, қазақтың Қатимолласы атанған, белгілі өнер тарланы Қатимолла Бердіғалиевке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Сол секілді бір топ азамат «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.