Елбасы Жер кодексіне енгізілген толықтыруларға қол қойды



Осыған дейін хабарланғандай, заңның басты мақсаты жаңа технологиялар мен қолданбалы ғылымның дамуына дем беруге заңи тұрғыда негіз жасау, сондай-ақ жеке тұрғын уй құрылысына берілетін жер учаскелеріне рұқсат беру процедурасын оңтайландыру және жетілдіру.

Енгізілген толықтыруларда, халықаралық ұйымдардың қатысуымен ғылыми орталықтарға жер учаскелерін тегін беру, жеке тұрғын уй құрылысына қажетті жер учаскелерін беру ережесін бекітудегі үкіметтің құзыреті қарастырылған.