Елбасы «Жол жүрісі туралы» заңға қол қойды

«Мемлекет басшысы Қазақстандағы жол жүрісінің құқықтық негізі мен жұмыс істеуінің ортақ шарттарын белгілеуге және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  бағытталған «Жол жүрісі туралы» заңға қол қойды»,-делінген хабарламада.

  Сондай-ақ Елбасы жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылыққа жауапкершілікті күшейтуге, сондай-ақ заңнамалық актілерді «Жол жүрісі туралы» заңға сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.


Заңдар мәтіндері баспасөзде жарияланады.