Атап айтсақ, Н.Назарбаев жүйелі зерттеулер орталығының қызметкерлеріне денсаулық сақтау, білім беру және жол инфрақұрылымының жағдайын жақсартуға, құқық қорғау және сот жүйелерін жаңалауға, сондай-ақ, орташа кірісті азамататрға арнап тұрғын үй құрылысын салу аясын кеңейтуге бағытталған бірқатар бағдарламалар жобасын жасау жөнінде тапсырма берді.
ҚР президенті әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының жетекшісі Азамат Әбдімомынов соңғы бір жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы және алдағы жылға арналған жұмыс жоспары туралы хабарлама жасады. Кездесу барысында елдің экономикалық өсуі, индустриялық және инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру, Ғылым академиясы жүйесінің жұмыс істеу жағдайы туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі, республика аймақтарының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және маман дайындау саясаты туралы да сөз болды.
Жүйелі зерттеулер орталығы Елбасының бастамасымен 2002-жылдың наурыз айында құрылған. Орталықтың басты мақсаты - мемлекет саясатын ең шектеулі саяси және экономикалық шығынмен жүзеге асыруға бағытталған нұсқаулар мен теориялық жоспар-жобалар жасауға қабілетті жас басқарушыларды дайындау болып табылады.