11-мамыр, сейсенбі күні түстен кейін мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысынан Ақтөбеге келді. Келген бетте қаланың Орталық стадионында болған президент онда Ақтөбе және Павлодардың "Есіл Богатырь" құрамалары арасындағы футбол сайысын тамашалады.
Бүгін Елбасы Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен жүздесіп, оларға жаңа 30 пәтердің кілттерін табыс етеді. Сонымен бірге мемлекет басшысы "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның Ақтөбедегі филиалының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысады.
Сапар барысында Елбасы кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық "Атамекен" одағының филиалы өкілдерімен кездеседі.
Түске таман президент "Әлия" базарына барады. Ал түстен кейін президент Байышев атындағы кітапханада облыстағы зиялы қауым өкілдерімен жүздеседі. Елбасы "Қазхром ТҰК" АҚ ферроқорытпа зауытында болады.
13-ммаыр, жұмада Н.Назарбаев Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласына барып, "Владимир" ЖШС шұжық өндіретін цехын аралап көреді. Сол күні Елбасы Ақтөбеге оралып, журналистермен жүздеседі деп күтілуде.