Елбасы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 сағат шамасында Н. Назарбаев Шымкентке келеді. Президентпен бірге өңірге ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко (облысқа кеше келген), еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Қайрат Келімбетов пен парламент депутаттары келеді.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев су тасқынынан зардап шеккен Сарыағаш ауданында болып, адамдарға жаңадан салынған үйлердің кілттерін тапсырады. Сондай-ақ, аудан тұрғындарымен жүздеседі. Сапардың бірінші күні Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концертпен аяқталады.

Нұрсұлтан Назарбаев 26 маусымда Шымкенттегі "Асар" ықшамауданына барады. Бұл жерде 300 гектар аумақта оралмандарға арналған заманауи үйлер тұрғызылуда. Президент құрылыс барысымен таныспақшы.