Елбасы жұмыс сапарымен Қостанай облысында болады

Сапар бағдарламасында Елбасы түсім жинау науқанының барысымен танысу үшін "Заречное" РМК-ның егістік алқаптарын аралауды, әлеуметтік-мәдени нысандар мен өнеркәсіп орындарында, сондай-ақ, "Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты" ААҚ-ның өндірістік бөлімшесінде болуды жоспарлаған.