Елбасы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барады

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар барысында Елбасы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратында Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийге арналған арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қатысады. Мемлекет басшысы салынып жатқан тұрғын үй ғимаратында болып, облыс әкімі Тайыр Мансұровтың тұрғындарға есеп беру жиналысына қатысады.

26-ақпан , сенбіде Н.Назарбаев жаңадан ашылатын "Айгөлек" балабақшасы мен "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ-ын аралайды деп жоспарланған.