Елбасының анасы туралы сұраққа берген жан тебірентерлік жауабы жарияланды

Онда президент кезінде өзінің анасына көп уақыт бөле алмағанына өкінетінін айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

"Жалғыз мен ғана емес, барлық адам уақыт өте келе, есейе келе анасына уақытты аз бөлгені, жылы сөзді аз айтқаны үшін өзін сөгетін шығар. Кезінде онымен жиі бірге болмағаныма қатты өкінемін. Оның мені қатты жақсы көретінін білетінмін. Әлі күнге дейін маңызды шешім қабылдарда оның әруағы мені қолдап отырады" дейді Н.Назарбаев. 

Елбасының айтуынша, кейде осылай шешім қабылдар кезде анасы түсіне кіреді екен. 

"Мен бақсы-балгер, көріпкел дегендерге сенбеймін. Бірақ оның (анасының - ред.) түсіме кіріп, "бәрі жақсы болады" деп айтқан кездері болған. Егер ол қазір тірі болса, мен оған ұлы ретінде хат жазар болсам, оны қатты жақсы көретінімді және қадір тұтатынымды айтар едім" дейді президент.