Елбасының Бельгия Корольдігіне және Еуропалық Одақтың бас пәтеріне сапары одан әрі жалғасуда

Қазақстан басшысы Еуропалық парламенттің бас пәтерінде болып, Еуропарламент президенті Хосеп Боррельмен кездесті.

Кездесу кезінде экономикалық, саяси және мәдени салалардағы стратегиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

- Мен Қазақстан президенттін экономикалық өсуді 10 пайыз деңгейінде жеделдетуге мүмкіндік берген табысты экономикалық реформаларымен құттықтадым. Біз Қазақстанның бұдан әрі бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ДСҰ-ға кіру жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз. Мен сондай-ақ президент мырзаны Семей полигоны жабылуының 15-жылдығымен құттықтадым. Қазақстан қарусыздандыру және жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіне айтарлықтай үлес қосты. Мен сондай-ақ президент мырзаны экономика саласында жүргізіп отырған табысты саясатымен, сонымен бірге адам құқықтары саласындағы жетістіктерімен құттықтадым, - деді Х.Боррель журналистерге арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті