Елбасының ерекше бейнелері жұртты таңқалдырды

Елбасының бұрын-соңды беймәлім болып келген картиналары мен фотоларын көруге қарапайым көрермен былай тұрсын, шенеуніктердің өзі көп жиналды. Депутаттар  тіпті вице-премьер Сапарбаевқа дейін  осында. Араларында шетелдік қонақтар да аз емес. Бәрі де өнер қайраткерлерінің Елбасы бейнесін қалай елестететінін көруге асық.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

-Ең бастысы, Елбасының керемет образын іздеп тапқанында. Ол біздің еліміздің басқа да өнер қайраткерлерінің Елбасына деген құрметі. Ол дегенің өте жоғары баға. Бүкіл қазақстандықтар, олардың ішінде жастарға бір ерекше сезім беретіні ол сөзсіз.

Елбасының ел білмейтін қырларын көруге келген жұрт шынымен-ақ ерекше туындыларға қарық болды. Қазақ елінің басшысы бір жерде танкист, бір жерде спортшы, енді бірде боз жорғаны тақымдап, ата кәсібін ұмытпаған қарапайым қазақ. Әсіресе,  Нұрсұлтан Назарбаевтың  әке-шешесімен қоса бейнеленген картиналары  көрермендердің назарын ерекше аударды.


-Бұл «Отбасы» деп аталатын белгілі суретші Оспаналиевтің картинасы. Мұнда Елбасы ел басқарған Президент емес, Әбіш ақсақал мен Әлжан анасының қарапайым баласы ғана. Әйгілі боксшы Дания Елеусіновті таңқалдырған да осы картина болатын.

Данияр Елеусінов, бокстан әлем чемпионы:

-Әке-шешесімен түскен суреттерін көрмеген екенмін. Өзі қазақтың қарапайым адамы екенін осындайдан байқауға болады екен.Мен Президентті өзімнің қолымнан алған кезі де болатын. Әрдайым теледидардан көреміз ғой. Бірақ, осындай суреттенден осындай күйін, түрін көрмеппін, бұған дейін.

Жалпы көрмеде Президентті сан қырынан танытқан 60-қа тарта туынды қойылған. Оның бәрін отандық және шетелдік атақты кәсіби суретшілер қалған. Бұл эксклюзивті  өнер туындыларын көрермен  7-желтоқсанға дейін тамашалай алады.