Елбасының Малайзияға мемлекеттік сапары барысында екі ел арасында қосарланған салықты болдырмау туралы келісімге қол қойылады

Келісім жобасының мәтіні 1-3-наурызда екі елдің қаржы министрлері деңгейіндегі кездесуде Малайзияда алдын-ала қол қойылған.

"Малайзия мен Қазақстан арасында қосарланған салықты болдырмау туралы келісімге қол қоюдың өзектілігін осы ел кәсіпкерлерінен келіп түскен өтініштердің көптігі дәлелдейді. Олар Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларға белсене қатысуға ниет білдіріп отыр",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.