Қазақстан президенті тарихи ескерткіштер - "Сұлтан ад-Насыр Мұхаммад ибн Калауын" және "Сұлтан Хасан" мешіттерін аралады. Тағдыры - Мысырға да, өмірге келген Қазақ даласына да ортақ ұлы қолбасшы және билеуші Бейбарысқа арналған тарихи ескерткіш "Сұлтан Бейбарыс" мешіті мемлекет басшысының ерекше ықыласын аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Араб елдері лигасында болып, осы ұйымның бас хатшысы Әмір Мұсамен кездесті.
Бұл күні сондай-ақ Қазақстан басшысы мысырлық "Ашар-Аль-Аусат" газеті мен "Ар-Раджуль" журналының журналистеріне сұхбат беріп, олардың Қазақстан туралы сауалдарына жауап берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті