Елбасының қауіпсіздік қызметіне жаңа бастық тағайындалды


ҚР Тұңғыш Президенті қауіпсіздік қызметінің бастығы болып Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай тағайындалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы болып тағайындалды», делінген хабарламада.