Атап айтсақ, олардың арасында өзара қосарланған салықты болдырмау, Қазақстанда Австрия мен Еуропалық Одақ елдерінің капитал құюына қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру туралы келісім жобалары бар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Австрияға жасайтын сапарына дайындық жұмыстарының аясында еліміздің осы елдегі елшілігі ТМД елдеріндегі ахуал тақырыбында қалам тербеуге машықтанған Еуропалық журналистердің елімізге сапарын ұйымдастырып, Р.Әлиевтің өзі журналистермен бірге жүріп жергілікті ахуалмен тікелей таныстырды.
Атырауда журналистер мұнай өндіруші Shevron және Agip компанияларының жұмысымен танысты. Ал Атырау облысының әкімшілігі аймақың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы туралы шолумен таныстырды. Алматыда шетелдік журналистер үшін ірі өндірістік кәсіпорындардың басшылары және кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылып, сол арқылы еліміздің экономикалық даму жағдайы туралы нағыз "дуалы ауыздардан" нақты ақпараттар алуға жағдай жасалды. Қазір журналистер тобы Астанада жүр.
Р.Әлиевтің айтуынша, неміс және австриялық журналистер Қазақстандағы жаңартаулар қарқынына біршама таңданыс білдірген. Елшінің айтуынша, Еуропалық баспасөз беттерінде еліміздегі қазіргі оңды өзгерістер жаңаша қырынан баяндалуы тиіс. Тұтастай алғанда, журналистер жалпы сапар мен оның аясында жоспарланған шараларға зор қызығушылық танытқан. Сондай-ақ, Р.Әлиевтің айтуынша, журналистер Қазақстан аумағының 12 проценттік бөлігі Еуропада орналасқанына таңданыс білдіріпті.