«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен елімізге тұңғыш рет 13-15 сәуірде Бахрейн Корольдігінің шейхы Хамад бен әл-Халифа келетінін хабарлаймыз. Бұл - өте маңызды іссапар, оның барысында саяси, инвестициялық, индустрия және өзге де салалар бойынша мәселелер қарастырылады», - деді ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, шейхпен бірге Қазақстанға екі жүзден астам ресми делегация өкілдері мен іскер топтар еріп келеді.
«Сондықтан да осы сапардың басты мақсаты - сауда, экономика және инвестициялық бағыттарға мән беру және оны талқылап, алға жылжыту», - деді А. Әбибуллаев.