Елбасының жарлығымен күш құрылымдарында бірқатар тағайындаулар жасалды

Атап айтсақ, Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы;

Болат Қаскенұлы Сембинов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары;
Көпен Қабылқасымұлы Ахмадиев - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы;
Нұрлан Айтманұлы Жоламанов - Шығыс әскери округі әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы;
Болат Бақытжанұлы Жаңасаев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;
Уәли Бисақанұлы Еламанов - Оңтүстік әскери округі әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;
Ратмир Әлімханұлы Комратов - Батыс әскери округі әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;
Қажымұрат Нұрғалиұлы Маерманов - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Зымырандық әскерлері мен артиллерия қолбасшысы;
Мұрат Жәлелұлы Майкеев - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы;
Владимир Александрович Шацков - Орталық әскери округі әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
Сәкен Әділханұлы Жасұзақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Ұтқыр күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.