Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары екі адамға табыс етілді.
Атап айтсақ, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ-ының "Мезгіл" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы және жүргізушісі Ғалым Боқашқа "республика өмірі мен әлемде болып жатқан оқиғаларды жан-жақты және терең талдағаны үшін";
Моор Иван Ивановичке - "Северный Казахстан" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, аймақтың қоғамдық-саяси өміріндегі реформаларды терең жазып көрсеткені үшін" берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары үш адамға тағайындалды.
Атап айтсақ, Әмір-Бек Көпенге - "Ара-kz"" сын-сықақ журналының бас редакторы, журналды қайта жаңғыртуы және ұлттық сана-сезім қалыптастыру мен азаматтық қоғамды дамыту тақырыбында қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен жүргізген газет сұхбаттары циклі үшін;
Аупбаев Жанболат Әлиханұлына - республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы, қазақстандық патриотизм, ұлтаралық келісім және халықтар достығы идеяларын насихаттағаны үшін;
Рахметова Гүлнәр Ғұмарқызына - "Известия-Казахстан" және "Труд-Казахстан" газеттерінің журналисі, еуразия тақырыбы негізінде Қазақстанның тарихы, ғылымы және мәдениеті мәселелеріне арналған жарияланымдар циклі үшін берілсін.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы:
"Вечерний Алматы" газетінің ұжымына - Алматы қаласының тыныс-тіршілігін жан-жақты салада толық және терең көрсеткені үшін;
Нұрғожаев Жақыпжан Мысабекұлына - облыстық "Жетісу" газетінің бас редакторы, Жетісу өңірі еңбек ұжымдарының мысалында 2030 жылға дейінгі Қазақстан дамуы Стратегиясының іске асырылуы мәселелеріне арналған мақалалар циклі үшін;
Сандыбай Аяған Өтенұлына - публицист, республика өміріндегі барынша елеулі және қоғамдық маңызды оқиғалар туралы жазылған "Чем порадовать сердце" атты публицистикалық және сараптамалық мақалалар жинағы үшін;
Түгел Сәдібекке - журналист, бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа астананың жағымды бейнесін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін жарияланды.