Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жалпы көлемнің 7,3 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді (+43%), ал 2,2 млн тоннасы ішкі бағыттар бойынша тасымалданды (+33%). Барлық негізгі бағытта тұрақты оң динамика байқалады.
Атап айтқанда, 2,2 млн тонна жемшөп тасымалданды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,6 есе артық. Бұл өңдеу саласының дамуын және қосылған құны жоғары тауарлар өндірісінің ілгерілеуін көрсетеді.
Орталық Азия елдеріне (Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан) тасымалдау көлемі 34%-ға артты. Ақтау және Құрық порттары арқылы Иран бағытына тасымалдау қайта жанданып, 3,3 есе өсіп, 0,7 млн тонна болды. Ауғанстанға жеткізу көлемі 40%-ға өсіп, 179 мың тоннаға жетті.
Экспорттың өзге бағыттары бойынша да айтарлықтай өсім байқалады:
Қазақстан сондай-ақ жаңа экспорттық бағыттарды ашты. Олардың қатарында Африка елдері (Марокко, Алжир), Вьетнам және Еуропалық Одақ мемлекеттері бар.
Астық жүктерін тасымалдау жұмысын үйлестіру және мәселелерді жедел шешу үшін Көлік министрлігіне қарасты жедел штаб жұмыс істейді. Оның құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «KTZ Express», «Астық Транс», «Продкорпорация» ҰК, Қазақстан астық одағы, сондай-ақ Ақтау және Құрық порттарының өкілдері кіреді.
Айта кетелік елде 26,3 млн тонна астық бастырылған еді.