Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.
2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 1926 егіз және 54 үшем тіркелді. Бұл кезеңде төртемдер тіркелмеген, дейді статистика мамандары.
Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр - 263 жағдай. Одан кейін Алматы қаласы (245) және Алматы облысы (175) тұр.
"Үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда – әр өңірде 3 үшемнен тіркелген, тиісінше 9 нәресте дүниеге келген", - деп жазылған хабарламада.
2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жетті. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелді.