Елдегі 500 мыңға жуық студенттің несиесі бар

Оның 47 мыңы – проблемалық несие. 

Табысы жоқ студенттерге несие берілмейді.

Оқуын бітірмей жатып, қарызға батқан жастардың санын азайту үшін оларға несие беру тәртібі өзгермек. 

Жастарға несие берудің динамикасын қарасақ, проблемалық қарыздардың үлесі артып келеді. Қазір 11%-ға дейін жетті. Сол себепті енді жастар үшін несиелерді ресми түрде тіркелген табыстары, кірістері болса, тек қана сол кезде қаржы ұйымдары береді. Бұл 18-21 жас арасындағы азаматтарға арналған, — деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Кей банк 18 жасқа толғандарға жұмысы жоқ болса да тұтынушылық несие беріп келген.