"Елден қуылсын": Белгілі журналист жалаңаш төсін көрсеткен қазақ қызын елден қуу керек екенін айтты


Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты.

"МЫНА МАСҚАРАНЫ ТОҚТАТАЙЫҚ, ХАЛАЙЫҚ!!!
Қазақстан Ішкі Істер Бөлімінің Министрі
Қалмұқанбет Қасымов,
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 
Қожамжаров Қайрат:

Сіздерден мына сұмдықты тоқтатуларыңызды сұраймын! 
Осы қыздың Қазағымның сәукелесімен елімізді қорлап тыржалаңаш шыққанын кеше көріп едік(мен ұялып ол суретті шығармадым), енді бүгін мына бейнежазбасымен бүкіл Халықты жер етуде. Бұл - қазақтың қызы емес. Әдейі ұлтараздықты тудырып отырған біреу. Шұғыл түрде жаза қолдануларыңызды талап етемін!
Ұлттық құндылығымызды қаралағаны үшін қатаң заңмен жазаланып, елден қуылсын!" - деп жазды журналист.