Елді аралаған жауынгерлік ту Астанаға оралды

Аты аңызға айналған жауынгерлік ту еліміздің 25 қаласында болған. Он мыңдаған шақырым жүріп өткен байрақ 1941 жылы 72-ші атқыштар дивизиясы құрылған жер - Арқа төсіне оралды. Бүгін әйгілі тудың көшірмесін Ұлттық гвардия сарбаздарды соғыс ардагерлеріне табыстады.  Бірнеше күннен соң осы қызыл туды әскери бөлімдердің бірі Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруде алып жүрмек.

Loading...