Елдің барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл «Қыс-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында болады.

Сонымен 21 қараша сағат 11:00-де электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылады. Бұл іс-шара халықтың «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін пысықтауға бағытталған.

«Дыбыстық сигналды естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып, қазіргі жағдайда одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулар алу қажет»,- делінген хабарламада.