“Елдің көші-қон саясаты түбегейлі трансформациядан өтеді” - Аида Балаева

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет әкімшілік бақылаудан инвестициялар үшін ашық әрі икемді орта қалыптастыруға және жоғары білікті кадрларды тартуға бағытталған сервистік модельге көшіп жатыр.

«Алтын виза» тетігі енгізілуде, сондай-ақ тапшылығы бар, жоғары технологиялық салалар үшін біліктіліктерді тану рәсімдері жеңілдетіліп, «бір терезе» қағидаты бойынша барлық процесс толық цифрландырылып жатыр.