Елдің екі өңірінде қар құрсауынан балықшылар мен 30 автокөлік шығарылды


Балықшылар Қостанайдан 25 шақырым жердегі «Мазурово» көлінен қауіпсіз жерге жеткізіліген. Балық аулауға олар 2 автокөлікпен шыққан екен.

Сондай-ақ Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Астрахань» автожолының бойында қар құрсауынан 30 автокөлік шығарылып, 40 адам құтқарылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Зардап шеккендер жоқ.