Елдің халықаралық резервтері 2007 жылы 15,7% өсті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2007 жылғы желтоқсанда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері төмендеді. Тұрақты бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 2007 жылғы қарашамен салыстырғанда 4,0% немесе 727,4 млн. долл. (2007 жыл үшін төмендеу 9,1% болды немесе 1,7 млрд. долл.) азайды.

Ішкі валюта нарығында валюта сату, Ұлттық банктің Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялары, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасымен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі Ұлттық банктегі үкіметтің шотына валютаның түсуіне қарамастан, 2007 жылғы желтоқсанда таза валюта қорларының (ЕАВ) 818,8 млн. долл. (2007 жыл үшін - 2,2 млрд. долл.) төмендеуіне әкелді.

2007 жылғы желтоқсанда алтынмен активтер оның әлемдік нарықтардағы бағасының 4,25% өсуі нәтижесінде 91,4 млн. долл. ұлғайды (2007 жылы алтынмен активтер жүргізілген операциялар және оның әлемдік нарықтардағы бағасының 30,3% өсуі нәтижесінде 0,5 млрд. долл. өсті).

Тұрақты бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 4,5% (2007 жыл үшін - 10,0%), ЕАВ-мен таза активтер - 5,0% (12,5%) төмендеді, алтынмен активтер 0,9% (28,0%) өсті.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің төмендеуі 2007 жылғы желтоқсанда ақша базасының 1,7% немесе 25,7 млрд. теңге (2007 жыл үшін - 2,5% немесе 37,0 млрд. теңге) тарылуына себепші болды.