Елдің халықаралық резервтері ақпанның бірінші жартысында 0,9%-ға азайды

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2008 жылғы ақпан айының бірінші жартысында ақша базасының 0,1% немесе 2,2 млрд теңге тарылуына себепші болды.

2008 жылғы ақпанның бірінші жартысында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағамен 2,6% немесе 498,5 млн долларға азайды.

Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, Ұлттық банктегі Үкіметтің шотына валютаның түсуі Ұлттық банктің Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялары мен екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасымен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың азаюымен бейтараптандарылды.

2008 жылғы ақпанның бірінші жартысында алтындағы активтер оның әлемдік нарықтардағы бағасының 1,4% арзандауы нәтижесінде 28,0 млн долларға, ал таза валюта қоры 470,5 млн долларға азайды.