Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы сәуірдің бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды.
Ағымдағы бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 2,7% (немесе 517,7 млн. долларға ) өсті.
Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, Ұлттық банктегі үкіметтің шоттарына валютаның түсуі үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының төмендеуімен бейтараптандырылды.
Нәтижесінде, таза валюта қорлары (ЕАВ) 559,9 млн. долларға ұлғайды, алтын түріндегі активтер оның әлемдік нарықтардағы бағасының 2,1% төмендеуі нәтижесінде 42,2 млн. долларға төмендеді.
Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің 2008 жылғы сәуірдің бірінші жартысында төмендеуі ақша базасының 5,1% (немесе 80,3 млрд. теңгеге) тарылуына себепші болды.