Елдің оңтүстігінде тағы бір шекара заставасы пайда болды

Қаскелең шекара жасағы орналасқан бұл аумақ 30 шақырымға созылған. Контрабандашылар да көптеп кездеседі. Жауынгерлер оларды тау арасымен жүріп ұстайтын. Тіпті уақытша жаппада түнеп, тау суын ішкен кездері болыпты. Енді шекарашылардың барлығы дерлік жайлы ғимаратқа көшірілді. Ал отбасымен тұратындарға үй берілді. «Қастек» деп аталған жаңа бекетте иісшіл иттерді үйретуге де жағдай жасалған. 


Зұлмұрат Тұрдақынов, шекарашы:

- Бұрынғы заставамыз палаткада болатын. Қазіргі заставамыз үй, жылы жер. Ыстық су, суық су. Монша деген сияқты. Жақсы қазір.