Спорт журналисі Аслан Каженов әлеуметтік желідегі парақшасында іріктеудің басталғанын айтты.
Оның айтуынша, татамиге бірінші Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин шыққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Елдос Мағжанды жеңді...
Жаңа ғана дзюдодан ішкі іріктеу басталды. Яғни, 60 келіде олимпиадаға кім барады деген сұраққа жауап табатын сәт. Жеребе нәтижесі бойынша ең бірінші болып татамиге Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин шыққан. Негізгі уақытта қос мықты бір-бірін ала алмады. Ал, қосымша уақытта Елдос басым түсті. Іріктеу айналмалы жүйе бойынша өтеді. Алда әлі 2 жекпе-жек бар. Көреміз енді. Әлде осы жеңістің өзі бәрін шешім тұр ма? Қалай ойлайсыз?", - деп жазды ол.