Caravan Logo

Елдос Сметов «Grand Slam» турнирінде жеңіске жетті

Елдос Сметов «Grand Slam» турнирінде жеңіске жетті

Елдос Сметов финалда жергілікті балуан Ислам Яшуевті уақытынан бұрын жеңді. Ол небары 1 минут 20 секундта қарсыласын тізе бүктірді. Яушевті өзінен асыра лақтырып, осылайша таза жеңіске жетті.

Айта кетсек, Елдос Сметов жарақатына байланысты ұзақ уақытқа үзіліс алған еді. Спортшы үзілістен кейін енді ғана кілемге шығып, бақ сынады.