Елдос Сметовты күтіп алу үшін, Тараз әкімдігі оның үйінің алдына асфальт төсеген

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әуежайдан бастап құшақ жая қарсы алған Елдосты күткен адам саны өте көп.

Ал, Тараз әкімдігі оның есігінің алдына асфальтке дейін төсеген. Ол туралы желіде видео тарады.

"Көршілері қуанып қалды-ау", Елдостың арқасында бір көше жөнделді", "Жол төсемесе жоғарыдағылар әкімді ұшырып жібереді", "Біздің көшеден қашан чемпион шығады екен", деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралғаны туралы жазған болатынбыз.