Елек өзені арнасынан асуы мүмкін

 Жаттығудың жоспарын осыған байланысты арнайы ойластырыпты. Елек өзенінде сең жүріп, бір топ адам тасқынның ортасында қалып қояды. Сценарий бойынша, құтқарушылар тұрғындарды дер кезінде екінші бетке көшіріп, қайтыс болған адамның денесін судан шығарып алды. Осылайша бүгінгі жаттығу кезінде жергілікті мамандар сынақтан сүрінбей өтті. Десе де, көктемгі тасқында олардың қандай қауқар көрсететіні белгісіз. Әзірге тұрғындардың өздеріне сақ болуды қатаң ескертіп жатыр.


Айбек Асанов, Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма бастығы:

-Өздеріңіз білесіздер биыл қардың түсуі көп. Ол енді ауа райына байланысты. Оны алдын ала болжап айта алмаймыз. Біз енді міндетіміз жасақтарды дайындықта ұстап, керекті құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету.