Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, белоруссиялық Виктория Азаренкоға қарсы ойнады. 

Қорытынды есеп  - 6:4, 0:6, 7:6.

Финалда ол  Екатерина Александрова (Ресей) - Даниэль Коллинз (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.