Елена Рыбакина Париж олимпиадасына қатыспайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париж олимпиадасына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Олимпиаданың ресми сайтында Рыбакина жеке және аралас жұптық жекпе-жектен шеттетілді. Қазақстандық теннисшінің орнына аустралиялық Дария Сэвил қатысады.

Еске салайық, Елена Рыбакинаның соңғы турнирі Уимблдон болды, онда ол жартылай финалға шығып, сенсациялық түрде чех теннисшісі Барбора Крейчиковадан (әлемнің 10-ракеткасы) жеңіліп қалды - 6:3, 3:6, 4:6.

Бұған дейін Рыбакина Түркияда демалып жатқан фотосы тараған еді.